04
июнь
2018
ҚР Мемлекеттік рәміздер күні
«Приречное жалпы орта білім беретін мектебі» КММ де
ҚР Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті
04.06.2018
Мектеп жанындағы «Ақжелкен» лагерінде — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні аталып өтті. 1992 жылғы маусымның 4-де Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді — бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.
Осыған орай, лагерьде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай, салтанатты іс-шара өтті.
Аталмыш іс – шарада мектеп директоры Тихомолова В.Н. құттықтау сөз сөйлейді. Вера Николаевна жүрек жарды лебізін білдіріп, барша балаларды өз елінің патриоты болуға шақырды.
Салтанатты іс-шарада дем алушы балалар арасында дөңгелек үстел, әдеби монтаж және түрлі спорттық ойындар өтті. Бұл іс – шараны тәрбиешілер Кишкинбаева М.Д. мен Берікболова А.Б. өткізді.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған іс шара соңы концерттік бағдарлама мен жалғасын тапты.