Армысың, әз-Наурыз! » Приреченская средняя общеобразовательная школа
Коммунальное государственное учреждение
Приреченская средняя общеобразовательная школа
ГУ"Отдел образования города Семей
Приемная :
+7(7222) 64-19-14
Бухгалтерия:
+7(7222) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
03
апрель
2018

Армысың, әз-Наурыз!

Ұлысымның ұлы күні жеткенде,
Жер құлпырып,ел құлпырып кеткенде...
Төрт құбылам түгелденіп мен тұрдым,
Наурыз мейрам-Наурыз тойы жеткенде.
Армысың, әз-Наурыз!
22 –ші Наурыз-күн мен түн теңеліп,табиғат гүлденіп,мал төлдеп, халықтың арқа-басы кеңіп,ауызы аққа тиген,қытымыр қыстан қысылып шыққан жұрттың, шуақты күндерге шаттана қараған күні. 2018 жылдың Наурыздың 21-күні «Приречное жалпы білім беретін мектеп » КММ-сінде Приречное ауылдық округінің әкімшілігі ауыл әкімі Байдомалаков Алғатай Жігерұлы ,ауыл клуб жетекшісі Ақбайұлы Оралхан «Шаңырақ » домбыра-би ансамбльімен шағын орталық және мектепалды даярлық топ тәрбешілері бірге ұйымдастырып өткізген, Наурыз мейрамы өте тартымды өтті. Той өтетін алаңға сұлу сазды ән әуені кернеді .
«Наурыз құтты болсын » «Ақ мол болсын!» деген ақ тілектер жаңа ағытқан қозыдай бір-бірімен жамыраса көріскен тойшы қауымның жүрекжарды лебізімен,ақ пейіл көңілі мен ұштасып жатты.
Мектеп директоры Тихомолова Вера Николаевна мемлекеттік тілде яғни (қазақ тілінде) барша халықты Наурыз мерекесімен құттықтап,жылы лебізін білдірді. Мемлекеттік тілді меңгеру-баршамыздың парызымыз екенін Тихомолова Вера Николаевна ешқашан ұмытқан емес. Қыдыр атамыз Ақбайұлы Оралхан өзінің ақ батасын беріп, халқымызға береке мен ынтымақ тіледі.Мейрамға келген қонақтар арасында салт-дәстүрлі ойындарымыз жалғасын тауып жатты.Наурыз көжені көпшілікке таратылып,келушілердің ризашылығына бөленді.
Наурыз дастарханын ұйымдастарған «Приречное ЖОББМ» КММ, ауылдық округінің әкімшілігі,мал шаруашылық станциясы және амбулаториялық емханасының арсында 1-орынды «Приречное ЖОББМ» КММ, 2-орынды ауылдық округ әкімшілігі, 3-орынды мал шаруашылық станциясы және ауылдық амбулаториялық емханасы грамота мен ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Мереке барысында орысша,қазақша өлеңдер айтылып,күйлер шертілді.Көмей сазды дауыстарымен халыққа әртүрлі өлеңдер сыйлаған Сағнаева Сания Әшімқызы, Орымбаева Айжан Муратовна, Кайырова Венера Ергалиевна . Әз,Наурыз мейрамын осылайша зор салтанат үстінде аттап өттік.
Тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Жамырзанова Умит Турсыновна.
Шағын орталық тәрбиешісі Раимбекова Лаура Зекеновна.
Армысың, әз-Наурыз!
Армысың, әз-Наурыз!
Армысың, әз-Наурыз!
Армысың, әз-Наурыз!
Армысың, әз-Наурыз!
Армысың, әз-Наурыз!
Армысың, әз-Наурыз!
Армысың, әз-Наурыз!
Армысың, әз-Наурыз!
Армысың, әз-Наурыз!
Армысың, әз-Наурыз!
Армысың, әз-Наурыз!
Армысың, әз-Наурыз!
Армысың, әз-Наурыз!