Бала болашағымыз » Приреченская средняя общеобразовательная школа
Коммунальное государственное учреждение
Приреченская средняя общеобразовательная школа
ГУ"Отдел образования города Семей
Приемная :
+7(7222) 64-19-14
Бухгалтерия:
+7(7222) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
15
ноябрь
2017

Бала болашағымыз

Бала тәрбиесіне тек отбасы ғана емес , мектеп ұжымы да жауапты екені белгілі. Ал сол мектеп пен отбасы арасына алтын көпір орнату ұстаздар мен тәрбиешілердің қолында. Мектебімізде дәстүрлі түрде «Алтын күз», «Жаңа жыл» , «8-ші Наурыз», «22-ші Наурыз» мейрамдарына әр түрлі іс –шаралар, ертеңгіліктер өткізіліп тұрады. Бұл іс-шаралардың мақсаты бала тәрбиесіне екі жақтан да жауапты екендігін сезіндіру, ата-аналармен байланысты нығайта түсу болып табылады. Осы мақсатта 2017 жылдың қазан айының 26-сы күні «Приречное жалпы орта білім беретін мектебі» КММ –не қарасты шағын орталығында «Алтын күз» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікке мектепалды даярлық ( орыс және қазақ) топтары , ортаңғы «Еркетай» тобы, 2-ші кіші «Ботақан» тобы қатысты. Ертеңгілікке ата-аналар да ат салысып , балаларының өнерін тамашалап, көңілдері көкке жетті.Тәрбиешілерге алғыстарын айтып, кіп-кішкентай балаларының өлең айтып, би билеп, күз туралы тақпақ айтып, «Шалқан ертегісінің » көрінісін тамашалап , балаларының өнерін көрді.Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдуллина Динара Мухтизаровна және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жамырзанова Уміт Тұрсыновна қаттысып,құттықтау сөз айтылды.
                                            Бала болашағымыз
                                            Бала болашағымыз

Похожие публикации:

03 ноябрь 2017 «Алтын күз»
16 октябрь 2017 Ата-аналарға кеңес
05 апрель 2017 Наурыз