Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының хаттамасы » Приреченская средняя общеобразовательная школа
Коммунальное государственное учреждение
Приреченская средняя общеобразовательная школа
ГУ"Отдел образования города Семей
Приемная :
+7(7222) 64-19-14
Бухгалтерия:
+7(7222) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының хаттамасы
02
сентябрь
2024

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының хаттамасы


Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының

№ 1  хаттамасы

29 тамыз 2024 жыл


 
 

Қатысқандар: 

Мектеп директоры –Абенов Б.Б.

Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары – Абдуллина Д.М.

Мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары – Бейсембаева А.А.

ұстаздар



 
 

Күн тәртібінде

  1. Педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы ережені қарау және бекіту/кеңес төрайымы:  
  2. Мұғалімнің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті/кеңес мүшесі:
  3. Педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеті/кеңес мүшесі :
     
     

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша педагогикалық әдеп кеңес төрайымы Абенов Б.Б. сөзалды:

Қайырлы күн бүгінгі педагогикалық әдеп кеңесінің отырысына қатысушылар.

Педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы ережемен таныстырып өтейін.  Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарында педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады.

Кеңес өз қызметін «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және объективтілік пен әділдік, әдептілік, қоғамдық пікір мен жариялылықты есепке алу қағидаттарын басшылыққа алады.

Кеңестің негізгі міндеттері:  білім беру ұйымдарында педагогикалық әдепті сақтауды қамтамасыз ету; педагогикалық әдепті бұзуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды талдау; педагогтердің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу болып табылады.

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын орындау бойынша тиісті шаралар қабылдамаған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстармен құзыретті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды тұлғаларға, білім беру ұйымының құрылтайшыларына жүгінуге құқылы.

Кеңес отырысы:  егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады, қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Кеңес мүшелері оның отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.

Сонымен қатар кеңестің міндетіне педагогтардың тәртіптік істерін қарау кіреді.   Тәртіптік істерді қарау қортындысы бойынша Кеңес келесі шешімдердің бірін шығара алады: білім беру ұйымының басшысына педагогке тиісті тәртіптік жаза қолдануды  немесе қолданбауды ұсыну; тәртіптік істі тоқтату.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша кеңес мүшесі Бейсембаева А.А.   сөз алды /:

Мұғалім өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбетіне баса назар аудару керек. Әр оқушыға жол сілтеп, оның бойына жақсы қасиеттер сіңіретін бірден-бір жан болса, ол – ұстаз.  «Шәкірттің жақсы болмағы – ұстазынан» деп дана халқымыз айтқандай, ұстаз оқушыларды білім нәрімен сусындатып, қолынан келгенін үйретіп, бағыт-бағдар беріп қана қоймай, сыртқы келбетімен, киім киісімен, өзін ұстау әдебімен үлгі бола білуі тиіс. Себебі, оқушылар мұғалімнің біліміне ғана емес, жоғарыда аталған қасиеттеріне де ерекше көңіл бөліп, тәлім алады. Түстерді дұрыс үйлестіре білген жөн. Ұстаз киіміндегі құптауға лайық түстер ақ және қара түс болып есептеледі. Сонымен қатар  ақ сары, қошқыл көк, қоңыр түстерді де қолдануға болады. Өте ашық түстер аталған салада ерсі көрінеді. Мұғалімнің шаш үлгісі өзіне жарасымды болғаны дұрыс. Психологтардың пайымдауынша, өз келбетінің артықшылығын толықтырып, кемшілігін жасыра білетін адамдарды айналасындағылар жоғары жетістікке жеткен, өзіне сенімді тұлға ретінде қабылдайды.

Мұғалім мамандығына сай талғаммен киініп, ұқыпты келбетімен үлгі бола отырып, ішкі жан-дүниесінің көркемдігімен, шәкірт жанын ұғына алар кеңпейіл мінезімен көрінуі керек. Адамдар үйлесімділікке баса назар аударатынын есте сақтаңыз. Мәселен, қалай болса солай жасалған шаш үлгісі талғамға сай жейдеңіздің сәнін кетіреді.

Осы нәрселерді шебер үйлестіре білген білікті ұстаз шәкірттерді білім нәрімен сусындатып қана қоймай, өскелең ұрпақтың өзіне қарап дұрыс бой түзеуіне, тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді. Жас мамандарға сыныпқа басқа адам кіріп келгенде мұғалімге орнынан тұрып сәлемдесуге  кеңес берді. Мектеп ішінде әрқашан сәлемдесіп жылы шырай танытуға міндетті деп сөзін аяқтады .

Күн тәртібіндегі үшінші  мәселе бойынша кеңес мүшесі Абдуллина Д.М. :    

Ұстаз  ата-аналармен, оқушылармен және әріптестерімен әңгімелесу кезінде педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеті  чаттардағы қарым-қатынастың қарапайым нормаларына тоқталып, мессенджерлер жіберу туралы бірқатар мысалдар келтірді. Жеке сұрақтарыңызбен жалпы алқалық чатқа араластырмауды ескертті. Сөйлеу кезінде этикалық нормаларды ұстауға кеңес берді.

Ұстаз этикасы – мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика – ұжым ішінде, мұғалімдер арасында басталып, өзінің заңды жалғасын сыныптарда табуы тиіс. Моральдық тәрбие – жан-жақты және үйлесімді дамыған адамды қалыптастырудың пәрменді құралы. Адамгершілікке тәрбиелеу ісінің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері мен заңдылықтары болғандықтан, оның ғылыми негізделген жүйесі жасалуға тиіс. Бұл маңызды да құрметті міндет педагогика және этика ғылыми өкілдерінің ынтымағы нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Кәсіптік этиканың ережелері мен принциптері бірнеше кәсіптерді қамтуы мүмкін. Мысалы, педагог этикасы мектептерді, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында істейтін адамдардың қарым-қатынастары ұқсастығына байланысты оларды реттейтін жалпы нормаларды қарастырады.

Қорытынды сөз. Кеңес төрайымы:

 Құрметті кеңес мүшелері және кеңеске қатысушылар бүгінгі отырыста педагогикалық әдеп кеңесінің ережесі қаралды, ұстаздардың педагогикалық әдебі туралы да сөз қозғалды. Ардагер ұстаз, кеңес мүшесі  мұғалім тек мұғалім емес, ол жас ұрпаққа үлгі болу тұлғасы екенін айтты.Мұғалім өз ісіне адал қарауға міндетті. Қазір көбіне мұғалімдерге несие уақытымен  төлемеу  бойынша сот ісінен  жиі хаттар жіберіліп жатады . Бұндай әрекет мұғалім мен оның беделіне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан ұстаздарды өз әрекеттері үшін жауапкершілікті арттыруға шақырамын.

Кеңес шешімі:

1/ «Приречное ЖОББМ»КММ  бойынша   педагогикалық әдеп кеңесінің ережесі бекітілсін

2/  Мұғалімнің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті назарға алынсын.

3/«Жас мамандар » мүшелерімен педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау туралы дөңгелек үстелдер өткізілсін.


Кеңес төрайымы:               Б.Б.Абенов                   

Хатшы:                               Ә.Д.Қызырова