05
февраль
2018
Cтуденттермен кездесу кеші
2.02.2018 ж «Приречное ЖОББМ»КММ 6»а» сынып және сынып жетекшісі Алина А.К ұйымдастыруымен «Оқу -инемен құдық қазғандай» атты студенттермен кездесу кеші өтті.Кездесуге Астанадағы,Семейдегі, Қытай елінде жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан 1-3 курс студенттері келді. Мектеп оқушылары өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып,сұрақтарына жауап алды. Студенттер студенттік өмірмен таныстырып,кездесетін қиыншылықтарды атап өтті,мектеп қабырғасында қандай басты нәрсеге көңіл бөлу керек екендігін айқындап айтып берді.9-11 сынып оқушыларына өздерінің ақыл кеңестерін айтып, бағыт –бағдар берді.Ал, мектеп оқушылары өздері дайындаған концерттік нөмірлерін қойды.Сондай-ақ «Тәтті естеліктер» айдарында студенттердің бастауыш,орта ,жоғарғы сыныптарда түскен фотолар мен видео үзінділері көрсетілді. Студенттер өздерінің балалық шақтарынан үзінді тамашалап, ерекше сезімге бөленгендерін жеткізді. Сонымен қатар студенттерге әртүрлі ситуациялық жағдаяттар берілді, бұл тапсырмада студенттер өздерінің әртістік қабілеттерін,ой ұшқырлықтарын,шығармашылдықтарын, кез-келген жағдайдан шығу жолын таба білетін азамат,азаматшалар екендігін көрсете білді.Мектеп оқушылары қонақ кәде сұрап,студент Қазбан Ерсін,Қабылқақ Еламан,Семейханова Аружанның әсем әуендеріне риза болды. Осындай игі істер өз жалғасын табады деген үміттеміз.
[center]




[center]