Ата-аналарға кеңес » Приреченская средняя общеобразовательная школа
Шымкент қаласы білім басқармасының
Приреченская средняя общеобразовательная школа
ГУ"Отдел образования города Семей
Приемная :
+7(7222) 64-19-14
Бухгалтерия:
+7(7222) 23-11-37
Нашар для
слабовидящих
16
Қазан
2017

Ата-аналарға кеңес

"Баланың оқу іс - әрекетіне көмек"

1.Баланың сабағын жеңілдететін жағдай жасауға тырысыңыз, тұрмыстық – жақсы тамақтану, тұрақты режим, толыққанды ұйқы, жайлы тұрмыстық жағдай, сабақ оқуға жайлы және ыңғайлы орын;эмоционалдық – баланың мүмкіндігіне сенімділік артыңыз, табысты орындауынан үміт күтіңіз, кішкене жетістігі болса да, қуанышыңызды білдіріңіз, баланың оқуына төзімділік, мейірімділік танытыңыз, бала үлгермей жатсақатты сөйлемеңіз; мәдени – балаңызды анықтамалармен, сөздіктермен, атластармен, бейнетаспалармен, мектептің оқу бағдарламасына сәйкес кітапшалармен қамтамасыз етіңіз. 2.Өз балаңызды тыңдаңыз: ол жаттауға, есте сақтауға берген тапсырманы айтып шықсын, жазуға берген мәтінді бөліп-бөліп, асықпай оқыңыз, оқулықтағы сұрақтар бойынша сұраңыз т.с.с.
3.Өзіңіздің бала кезіңіздегі жетістіктеріңіз туралы айтып, білімдеріңізбен бөлісіңіз.
4.Ата-ананың назарында баланың бағасы ғана емес, білім болу керектігін есте ұстаңыз. Сондықтан да баланың болашағы туралы ойлап, алған білімінің қай кезде, не үшін қажеттілігін түсіндіріңіз. Баланың оқуға белсенділігін тудыратын отбасылық дәстүрлер мен әдеттер құрыңыз,
5.Баланың бос уақытын құр қалдырМамыр, оны мазмұнды әрі, пайдалы етіп өткізуге көмектесіңіз.
6.Балаңызды оқу үлгеріміне қараМамыр, жақсы көретініңізді сездіріңіз.
7.Балаңызды жан-жақты бақылау үшін және мүмкін көмектер көрсету үшін әрдайым балаңыздың қатысатын үйірмелерінің, факультативтерінің, қосымша сабақтарының, сабақ кестесімен танысыңыз.

Похожие публикации:

10 Сәуір 2017 Спорт
05 Сәуір 2017 Наурыз