Наурыз » Приреченская средняя общеобразовательная школа
Шымкент қаласы білім басқармасының
Приреченская средняя общеобразовательная школа
ГУ"Отдел образования города Семей
Приемная :
+7(7222) 64-19-14
Бухгалтерия:
+7(7222) 23-11-37
Нашар для
слабовидящих
05
Сәуір
2017

Наурыз

20-Наурыз күні «Приречное жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі атап өткізді. Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамын ұлықтау, өз дәрежесінде қарсы алу,ұлттық дәстүрді жаңғырту, ұлттық ойындар , ұлттық тағамдар, тойда берілетін бата-тілектердің мән мағынасын ашу, балаларды өз ұлтының патриоты болуға, ұлттық дәстүрді құрмет   тұту, мақтан тұтуға тәрбиелеу мақсатында  біздің мектебімізде арнайы мерекелік шара болды. Мерекелік шараға  барлық мектеп оқушылары белсене қатысты. Олар көптеген өнерлер көрсетіп, соның ішінде қазақтың бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрлері, ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрыптары, әсерлі  де әдемі домбырада шертілген күйлері, тал шыбықтай бұралған қыз-ұлдарымыздың орындауындағы тамаша билері , жұрттың ішкі көңіл-күйін толғандыратын қойылымдар қойылды.  Осы мереке біздің көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады

Похожие публикации:

10 Сәуір 2017 Спорт