30
Қараша
2018
" Менің тұңғыш Президентім" атты мерекелік тәрбие сағаты
Мектепішілік тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 30 қараша күні "Приречное жалпы орта білім беретін мектеп " КММ 5"А" сынып оқушыларына 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған " Менің тұңғыш Президентім" атты мерекелік тәрбие сағатымыз өтті.Оқушылар Елбасымыздың өмір жолы, туып өскен жері, білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат алды.Мақсаты: Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу.Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру. Оқушылар сабақта белсенді қатысып отырды. Тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде өтті