25
Қазан
2017
«Мейірімі мол жандар» атты сынып сағаты
«Приречное ЖОББМ»КММ 24.10.2017 ж 4,6,7,9, сыныптары және сынып жетекшілері Алпыспаева Г.С . Садыкова С.К . Алина А.К. Абенов Б.Б біріге ұйымдастырған 29 қазан «Қамқоршылар күніне» орай «Мейірімі мол жандар» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатқа қамқоршы ата-аналарды Сағынаева С.А. Байбурашев М.И. Бейсембаева К.Н. шақырып тәлім-тәрбиесі бар жақсы кездесу болды. Бала тәрбиесіне қатысты сұрақтарды қарастырып, үлкен мән-мағынасы бар ойындар ойнатылып, балаларды әрқашан жақсылық, қайырымды іс жасауға шақыратын видео көрсетіліп, оқушылардың ойы-пікірлері тыңдалынды. Әр сыныптың кешке арналған концерттік нөмерлерімен, қамқоршыларға арналған қолдан жасалған тартулары ұсынылды.Сондай-ақ қамқоршыларға арнап мектепішілік алғыс хат табысталды.Бұл кеш балаларға берер тәлім-тәрбиесі мол деп ойлаймыз.






