ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ » Страница 3 » Приреченская средняя общеобразовательная школа
Коммунальное государственное учреждение
Приреченская средняя общеобразовательная школа
ГУ"Отдел образования города Семей
Приемная :
+7(7222) 64-19-14
Бухгалтерия:
+7(7222) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
«Қаржы сақшысы» атты танымдық ойын
20
ноябрь
2025
«Қаржы сақшысы» атты танымдық ойын
10–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Қаржы сақшысы» атты танымдық ойын ұйымдастырылды. Ойынның мақсаты — жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын арттыру, ақша айналымы, табыс, шығыс, жинақ, алаяқтықтан қорғану сияқты маңызды ұғымдармен таныстыру. Шараға қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз! Жас ұрпақтың қаржылық сауаттылығы — болашақтың сенімді кепілі.  https://www.instagram.com/reel/DRwxPChjFaN/?utm_source=ig_web_copy_link
“ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮНДІК БЕЛСЕНДІ ӘРЕКЕТТЕР”
18
ноябрь
2025
“ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮНДІК БЕЛСЕНДІ ӘРЕКЕТТЕР”
“ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮНДІК БЕЛСЕНДІ ӘРЕКЕТТЕР” халықаралық науқаны. Бүгін «Гендерлік және цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсы» әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, оқушыларға қауіпсіздік, құрмет және жауапкершілік құндылықтары түсіндірілді. Бұл бастама – зорлықтың кез келген түріне жол бермеу, балалардың құқықтарын қорғау және саналы қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Әрқайсымыз зорлыққа нөлдік төзімділік танытып, бір-бірімізге жанашырлық пен қолдау көрсете білейік.
профилактикалық кездесу
17
ноябрь
2025
профилактикалық кездесу
Абай облысы ПД Жаңасемей АПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция майоры Сазанбаева Алмагүл Нұрланбекқызы “Приречное ЖОББМ” КММ-нің жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға сабаққа кешікпеу, түнгі уақытта көшеде себепсіз жүрмеу, өз қауіпсіздігін сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған бұл кездесу мазмұнды әрі пайдалы болды.
ДосболLike
14
ноябрь
2025
ДосболLike
«Біз – достық командасы» 6 “А” сынып оқушылары. Балалар арасында бір-бірін түсіну, қолдау, сыйлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жағымды атмосферадағы мотивациялық сынып сағаты. Қатысушылар топтық ойындар мен жаттығулар арқылы бірлік, тілектестік және нағыз командалық рухтың мәнін сезінді. https://www.instagram.com/reel/DRMOOs5jXQu/?utm_source=ig_web_copy_link
Қауіпсіз автобус
14
ноябрь
2025
Қауіпсіз автобус
Жаңасемей ауданы, “Приречное ЖОББМ” КММ полиция майоры Сазанбаева Алмагүл Нұрланбекқызы Шалғай ауылдық округіндегі оқушылармен жол жүру ережелері (ПДД) бойынша түсіндіру беседасы өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, жолды дұрыс кесіп өту, тасымалдау кезіндегі тәртіп және жолда сақ болу туралы маңызды ақпарат берілді. Бұл профилактикалық жұмыс балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыруға бағытталды.
Ата - аналар жиналысы
03
ноябрь
2025
Ата - аналар жиналысы
Ата - аналар жиналысы.  https://www.instagram.com/reel/DQyXpUUjSt-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Таңғы жаттығу.
28
октябрь
2025
Таңғы жаттығу.
Мектебімізде әр сейсенбі сайын дәстүрлі таңғы дене шынықтыру жаттығулары өткізіледі. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайту, сергектік пен белсенділікке баулу. Барлық сыныптар белсене қатысып, күнімізді көтеріңкі көңіл күймен бастаймыз!  https://www.instagram.com/reel/DQ5tVITDIcn/?utm_source=ig_web_copy_link
“Көңілді үзіліс”
28
октябрь
2025
“Көңілді үзіліс”
3”А” сыныпта “Көңілді үзіліс” өткізілді. Мақсаты: оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалану,өзара сыйластыққа,ынтымаққа, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу. https://www.instagram.com/reel/DQblcTZDSFW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Желідегі қауіпсіздік»
27
октябрь
2025
«Желідегі қауіпсіздік»
 «Желідегі қауіпсіздік» атты флешмобқа қатысып, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен танысты. 💻✨ Іс-шараның мақсаты – оқушыларды ғаламторды дұрыс әрі қауіпсіз пайдалануға, киберқауіптерден қорғана білуге үйрету. https://www.instagram.com/reel/DQEcXyEDGMO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Республика күні
24
октябрь
2025
Республика күні
25 қазан Республика күніне орай, *”Елім менің — Қазақстан”* тақырыбында 1”А” 2 “А” 3 “А” сыныптары арасында бірыңғай тәрбие сағаты өтті . Тәрбие сағаты барысында “Әнұран”орындалып, шығармашылық жұмыстар, “Иә, жоқ ”ойыны ұйымдастырылып, балалардың туған елге деген сүйіспеншілігі одан әрі тереңдей түсті. https://www.instagram.com/reel/DQMjex-jJ7J/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==