Алтын күз. » Приреченская средняя общеобразовательная школа
Коммунальное государственное учреждение
Приреченская средняя общеобразовательная школа
ГУ"Отдел образования города Семей
Приемная :
+7(7222) 64-19-14
Бухгалтерия:
+7(7222) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
22
октябрь
2025

Алтын күз.

Алтын күз — табиғаттың байлығы мен сұлулығын паш ететін тамаша мереке. Бастауыш сынып оқушылары бұл мерекеге ерекше дайындалып, күзгі жапырақтай түрлі түске боялған көңіл-күймен қарсы алды.

Сыныптар күзгі өнімдерден бұрыштар ұйымдастырып, шығармашылық жұмыстар мен қолданбалы бұйымдар көрмесіне қатысты. Ән, би, өлең, көріністер арқылы күздің ерекшелігі мен молшылығы дәріптелді.

Мерекенің мақсаты — оқушыларды табиғатты аялауға, еңбекті бағалауға, күздің берекелі сыйын қадірлеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, балалардың өнерге, шығармашылыққа деген қабілеті ашылып, өздерін сахнада еркін ұстап, белсенділік танытты.

 https://www.instagram.com/reel/DP6xkFFE-Mc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==