"АҚЫНДАР АЙТЫСЫ"
Мектебімізде "АҚЫНДАР АЙТЫСЫ" жобасы аясында ерекше іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында айтыс ұйымдастырып, олардың импровизациялық өнерлерін дамытуға ықпал ету. Оқушылар өзара сөз жарыстырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ұлттық өнердің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алды. Айтыс арқылы балалардың тіл байлығын, шешендік өнерін дамытуға баса назар аударылды.