АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ӘДІЛДІК ФИЛОСОФИЯСЫ » Приреченская средняя общеобразовательная школа
Коммунальное государственное учреждение
Приреченская средняя общеобразовательная школа
ГУ"Отдел образования города Семей
Приемная :
+7(7222) 64-19-14
Бухгалтерия:
+7(7222) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ӘДІЛДІК ФИЛОСОФИЯСЫ
25
февраль
2021

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ӘДІЛДІК ФИЛОСОФИЯСЫ


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбында кезекті адалдық сағаты өткізілді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров –қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып жалғастырушы суреткер. Ол өз заманының ең мәнді, көкейкесті мәселелерін көтеріп, өзінің көркем қолтаңбасын, қоғам мен адам өміріндегі алуан шындықтар көрінісін шығармаларына арқау етті.

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен еліне қызмет етуге арнаған.

Сұлтанмахмұт поэзиясы – ақындық шеберліктің, ұлтжандылықтың, азаматтықтың мектебі. Ақын өзінің саналы, саяси, жазушылық өмірін:

«Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,

Разымын, не көрсем де осы жолда

Шаршармын, адасармын, шалдығармын,

Бірақ бір табамын деп, көңілім сонда», – деп жырлап, өмір бойы осы сертін орындау жолындақ ызмет істеді: өзінің халқына өнер, білімнің шыңына шығу арқылы еркіндік, бақыт іздеді.

Ақынның бел шешіп жазуісі мен айналысқан кездеріқазақ халқының тарихындаөтебірауыр жылдареді. Ол мәдениеті озық, экономикасы дамыған елдердің жоғары жетістіктерін уағыздап, жаңалықтың жаршысы бола білді. Солсебептенақын«Бүгінгіжастарғаоқуміндет, бар қиындықты тек қанағылым жеңбек»дегенүлкен ой тастап:

«Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып, күн болам

Қараңғылықтың кегіне

Күн болмаған да кім болам?», – депжазды.

Ақындытолғандырғанмәселелербүгінде өзектілігінжоғалтқанжоқ.Автордың пікірінше, әділдікқанаадамдарды «өзараталасудан», «адамныңкөзжасынан» және «қантөгуден» құтқараалады. Әділдік – бұл «бақыт пен күштіңкілті».

Оның сөздері жас ұрпақ үшін бағдар және мәңгілік темірқазық болып қала бермек.