18
октябрь
2024
«Дін. Терроризм. Экстремизм» тақырыбында сынып сағаты
9 “А” сыныбында «Дін. Терроризм, Экстремизм» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін зияны, діннің дұрыс түсінігі туралы маңызды ақпараттар берілді. Сынып жетекшісі Қожахметова Г.Б. оқушылармен бірге осы тақырыпты талқылап, олардың пікірлерін тыңдады. Қауіпті идеялардан сақ болу және дұрыс ақпаратты ажырату жолдарына ерекше назар аударылды.



