Информация » Страница 9 » Приреченская средняя общеобразовательная школа
Коммунальное государственное учреждение
Приреченская средняя общеобразовательная школа
ГУ"Отдел образования города Семей
Приемная :
+7(7222) 64-19-14
Бухгалтерия:
+7(7222) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Ұстаздар қауымдастығы арасында іс- тәжірибе алмасу
21
ноябрь
2023
Ұстаздар қауымдастығы арасында іс- тәжірибе алмасу
01.11.2023ж күні ҚР Оқу- ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың төрағалығымен Қазақстан ұстаздарының қауымдастық аясында республикалық және халықаралық конференциялар арқылы кәсіби шеберліктерінің шыңдалуына жол ашу мақсатында ұстаздар қауымдастығы арасында іс- тәжірибе алмасу арқылы ой бөлісу үшін өткен жиынға "Приречное ЖОББМ " КММ физика пәнінің мұғалімі Мухаметжанова Оразгүл Тохтаровна қатысып, Қазақстан ұстаздар қауымдастығы арасында іс- тәжірибесімен бөлісіп келді. Мақсаты: Қазақстан
Ата - аналар жиналысы
21
ноябрь
2023
Ата - аналар жиналысы
“Приречное ЖОББМ”КММ Бүгін 03.11.2023ж 5,7,8 сыныптар арасында “Біртұтас тәрбие”бағдарламасын таныстыру мақсатында “Отбасы- тәрбие басы, мектеп- тәрбие жаршысы” атты ата- аналар жиналысы өтті. Ата-аналар баланың тәрбиесіне байланысты “ стоп кадр” әдісі бойынша видеоролик көріп, өздеріне дұрыс ой пікір қалыптастыра білді.Ата- аналар жиналыстан жақсы әсер алды. Сынып жетекшілер 5 “а” Алина А.К. 7 “а” Кокашева Ж.А. 8 “а” Қожахметова Г.Б -ға өз алғыстарын білдірді. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
"Қожа Ахмет Ясауидің хәл хикмет ілімі"  сабақтан тыс сағаты өткізілді
21
ноябрь
2023
"Қожа Ахмет Ясауидің хәл хикмет ілімі" сабақтан тыс сағаты өткізілді
"Приречное жалпы орта білім беретін мектебі"КММ 2 қарашада тарих пән мұғалімі Мамиева Б.Х. - Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жылдығына орай "Қожа Ахмет Ясауидің хәл хикмет ілімі" 9"А" сынып оқушыларымен сабақтан тыс сағаты өткізілді. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #Ата-аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы #abaikuzgidemalys #bilimsemey23
Родительское собрание на тему "Семейные ценности"
21
ноябрь
2023
Родительское собрание на тему "Семейные ценности"
02.11.2023 г. в "КГУ Приреченская СОШ" для родителей 1-4 классов было проведено родительское собрание на тему "Семейные ценности". В ходе встречи педагогами были проведены различные тренинги : "Лента желаний", "Воздушное путешествие", "Блиц интервью". В ходе собрания родители высказывали свое мнение, делились опытом. В конце собрания родители получили брошюры-памятки "По настоящему счастлив тот-кто счастлив в своем доме." Ответственные: Собко А.Е.Бейсембаева А.А.Ташмитова А.Б. Сальменова М.Б.
«Жас зерттеушілер» дөңгелек үстелі
21
ноябрь
2023
«Жас зерттеушілер» дөңгелек үстелі
«Приречное жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2 қарашада химия, биология пән мұғалімі Кожахметова Г.Б. оқушылардың білімге, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру,жобалау-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру кезінде шешім жолдарын анықтауға үйрету мақсатында «Жас зерттеушілер» дөңгелек үстелін өткізді. Дөңгелек үстелге 5-10 сыныптар аралығындағы оқушылар қатысты. Ұйымдастырушы оқушыларды зерттеу жобасының кезеңдерімен, рәсімделуімен таныстырды. Дарын орталығының «Зерде» конкурсында ғылыми жобадан
“Батыл көжектер” қойылымы
21
ноябрь
2023
“Батыл көжектер” қойылымы
“Приречное ЖОББМ” КММ 5”а” сынып оқушылары күзгі демалыстарын қызықты, пайдалы өткізу мақсатында 1 қараша күні Абай театрына барып “Батыл көжектер” атты қойылымды тамашалады. Балалар театрдан рухани азық алып, жақсы әсерге бөленді. Сынып жетекшісі: Алина А. К. Мектеп психологы: Кийкпаева А.А #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #Ата-аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы #abaikuzgidemalys #bilimsemey23
"Денсаулықтың алты шарты" этафеталық жарыс
14
ноябрь
2023
"Денсаулықтың алты шарты" этафеталық жарыс
31 қазан 2023 ж. "Приречное ЖОББМ" КММ күзгі демалыс кезінде 5-8 сыныптар арасында дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Денсаулықтың алты шарты-таза ауа, дұрыс тамақтану,тыныш ұйқы, қозғалыс, күйзеліске түспеу, көтеріңкі көңіл күй " тақырыбы аясында Эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Оқушылар екі топқа бөлініп, жарысқа белсене қатысты. Дене шынықтыру мұғалімдері: Кербер В.В. Тұрлыбеков Д.О. Нығметов Б.Д. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
"Өнегелі өмір ізімен" атты эссе байқауы
14
ноябрь
2023
"Өнегелі өмір ізімен" атты эссе байқауы
30 қазан 2023 ж. “Приречное ЖОББМ” КММ "Ақжелкен" күзгі лагерінің жұмыс жоспарына сәйкес, 9-10 сынып оқушылары арасында "Өнегелі өмір ізімен..." атты эссе байқауы өтті. Оқушылар эссе жазудың құрылымын сақтап, өз ойларын еркін жеткізіп, шығармашылық қабілеттерін шыңдады.
“Полиглот” олимпиадасының нәтижесі
01
ноябрь
2023
“Полиглот” олимпиадасының нәтижесі
Мемлекеттік тілдің дәрежесін көтеру, көптілдікті насихаттау, оқушылардың көптілдікке деген қызығушылығын бақылау, белсенділін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін гуманитарлық пән мұғалімдеріне қолдау көрсету мақсатында білім бөлімінің жоспарына сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін жалпы орта білім беретін мектептердің 10-сынып оқушылары арасында 2023 жылдың 20 қазанында “Полиглот” олимпиадасы өтті. “Приречное ЖОББМ” КММ оқушысы Хаустова Карина ІІІ орынға иеленді.
Республикалық балалар оқулары байқауы
01
ноябрь
2023
Республикалық балалар оқулары байқауы
Балалардың кітап оқуға құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін терең зерделеуге және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілген Республикалық балалар оқулары байқауында 9 А сынып оқушысы Рүстемова Нұрхан 2 орын иеленді.