Ауған соғысының ардагерлері мен кездесу. » Приреченская средняя общеобразовательная школа
Шымкент қаласы білім басқармасының
Приреченская средняя общеобразовательная школа
ГУ"Отдел образования города Семей
Приемная :
+7(7222) 64-19-14
Бухгалтерия:
+7(7222) 23-11-37
Нашар для
слабовидящих
17
февраль
2023

Ауған соғысының ардагерлері мен кездесу.




Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 34 жыл толды. Осыған орай Приречное ауылының ауған соғысының ардагерлері Николай Николаевич, Николай Кондратьевич, Александр Назарович, Зейнолла Ертуганович, Оразбек Кенжебекович  «Приречное   ЖОББМ» КММ  7-9 сынып оқушылар мен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады,-деді  мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Жамырзанова У.Т.
Кездесуге  өмірінің өлшеулі бір бөлігін,  жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгерлер, атап айтқанда Зейнолла Ертуғанович қатысты. Шара ең алдымен СССР кезінде Ауғанстанда совет күштерінің ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
 Кездесу шымылдығын жастар мен өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие берудің ерекше үлгісін көрсетіп жүрген, Мектеп директоры Тихомолова В.Н. ашты.
      Ауған соғысының ардагері Ауғанстандағы әскери қызметі туралы естеліктермен бөлісті. 7-9 сынып оқушыларының дайындаған дебат ойынын көріп тамашалады. Соңында акт залында мерекелік концертті тамашалады.
Ауған соғысы он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих деп біледі кейінгі жас буын өкілдері. Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Сондықтан да жас буынға ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге  тәрбиелеу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.