30
Қаңтар
2019
"Мұтылғанның тағдыры" атты білім сайысы
Қазақтың кемеңгер ақыны, ойшыл, аудармашы, тарихшы, сазгер Шәкәрім Құбайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған "Мұтылғанның тағдыры" атты білім сайысында мектебіміздің оқушылары Балтанова Мадина мен Қажыбек Сымбат өз білімдерін ортаға салып келді. Екеуі де өте жақсы өнер көрсетті, өз өнерін көрсету бөлімінде Шәкәрім аталарына арнау айтып өлеңмен өрнектеді. Семей қаласының" Твк-6 " телеарнасы оқушымыз Сымбаттан сұхбат алды. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қасымбаева Назерке Құмарқызы екеуіне жетекшілік етті. Сайыс соңында оқушыларымыз арнайы дипломдармен және кішігірім сыйлықпен марапатталды