«Жас зерттеушілер» дөңгелек үстелі » Приреченская средняя общеобразовательная школа
Шымкент қаласы білім басқармасының
Приреченская средняя общеобразовательная школа
ГУ"Отдел образования города Семей
Приемная :
+7(7222) 64-19-14
Бухгалтерия:
+7(7222) 23-11-37
Нашар для
слабовидящих
» » «Жас зерттеушілер» дөңгелек үстелі
21
Қараша
2023

«Жас зерттеушілер» дөңгелек үстелі

«Приречное жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2 қарашада химия, биология пән мұғалімі Кожахметова Г.Б. оқушылардың білімге, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру,жобалау-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру кезінде шешім жолдарын анықтауға үйрету мақсатында «Жас зерттеушілер» дөңгелек үстелін өткізді. Дөңгелек үстелге 5-10 сыныптар аралығындағы оқушылар қатысты.
Ұйымдастырушы оқушыларды зерттеу жобасының кезеңдерімен, рәсімделуімен таныстырды.
Дарын орталығының «Зерде» конкурсында ғылыми жобадан 3 орын алған Багаева А. өзінің жұмысымен таныстырып, тәжірибесімен бөлісті.
Әңгімелесу барысында зерттеу тақырыбын дұрыс таңдау, дұрыс тұжырымдау, өзектілігі бойынша ұсыныстар айтылды.
Оқушыларға шағын жоба жасап, қорғау тапсырылды.

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
#Ата-аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы
#abaikuzgidemalys #bilimsemey23