" Саналы ұрпақ - жарқын болашақ "
Білім күніне арналған азаматтық және патироттық " Саналы ұрпақ - жарқын болашақ " атты тәрбие сағаты 6 - 7 сынып арасында өткізілді. Мақсатымыз: өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында жақсы оқуға мотивация беру. Оқушылар еліміздің ертеңі - білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінді. Топта бірлесіп жұмыс жасап, бір - бірінің пікірін тыңдап, қолдау көрсетіп отырды. Сынып жетекшілері: Отаршинова Н.Т мен Нуржанова А.А